15.01.2014, 19:35 5677

2013 жылдың 11 айында Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда айналымының көлемі 221,8 млн. АҚШ долларын құрады

2013 жылдың 11 айында Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда айналымының көлемі 221,8 млн. АҚШ долларын құрады

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда айналымының көлемі 221,8 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл туралы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ҚР Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы ҚР Заң жобасы талқыланған Мәжілістің пленарлы отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімге Вьетнамның Премьер-Министрі Нгуен Тан Зуңтың Қазақстанға ресми сапары шеңберінде 2009 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласында қол қойылды. Келісім инвестицияларды қолдау және өзара қорғау үшін қолайлы құқықтық шарттар құруға, инвестициялық климатты жақсартуға және екі ел арасындағы қолайлы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

2005 жылдан бастап 2013 жылдың 9 айына дейін Қазақстан экономикасындағы вьетнамдық инвестициялардың жалпы ағыны 2,4 млн. АҚШ долл. құрады, ал Вьетнамдағы тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 2005 жылдан бастап

2013 жылдың 9 айын қоса алғанда болған жоқ,-деп мәлімдеді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, министр "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ мен вьетнамдық "Петровьетнам" мұнай-газ корпорациясы арасындағы стратегиялық әріптестік инвестициалық ынтымақтастық басым бағыттарының бірі болып табылатынын алға тартты.

2013 жылғы қаңтар-қараша аралығында қазақстан-вьетнам сауда айналымының көлемі 221,8 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт - 1,4 млн. АҚШ долл., импорт - 220,4 млн. АҚШ долл.), бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 2 есеге артық (121,3 млн. АҚШ долл.).

Соңғы жылдары Вьетнам әлемнің қарқынды дамыған елдерінің бірінші ондығына кіретінін ескерсек, осы Келісімнің күшіне енуі екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі өрбуге үлес қосады,-деп сөзін қорытындылады ҚР Экономика және бюджеттік Ерболат Досаев.

Вьетнамдағы Қазақстан Республикасының негізгі экспорттық тауарлары асбест, темір прокаты, сондай-ақ, түрлі көліктік құрылғылар болып табылады.

Вьетнамнан Қазақстанға шай, дәрі-дәрмек, тамақ өнеркәсібі үшін құрылғылар, компьютер және олардың жинақтауыштары импортталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны