18.07.2013, 11:48 3894

2013 жылдың І жартыжылдығына кедендік төлемдер мен салықтар сомасы 620 млрд теңгеден асты

Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығының қортындысы бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың түсім көлемі 603,5 млрд теңге жоспар кезінде 620,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлады бүгін баспасөз мәслихатында Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов.

Астана. 18-шілде. Kazakhstan Today - 2013 жылдың І жартыжылдығына кедендік төлемдер мен салықтар сомасы 620 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығының қортындысы бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың түсім көлемі 603,5 млрд теңге жоспар кезінде 620,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлады бүгін баспасөз мәслихатында Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов.

"2013 жылдың І жартыжылдығына жұмыс нәтижелері бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі бойынша болжамдық жоспарды орындау 102,8% құрады, республикалық бюджетке 603,5 млрд теңге жоспар кезінде 620,4 млрд теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар түсті",- деді А. Ержанов.

Сонымен қатар, ол кедендік төлемдер мен салықтардың өсуі салықтық түсімдерде 37,6% құрағанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,1 пайыздық пунктке артық екенін атап өтті.

Оған қоса, кедендік төлемдер мен салықтар үлесі импорт көлемінде 7,9%-дан 9,3%-ға артты.

КБК мәліметіне сәйкес бұл кедендік әкімшіліктің жақсаруына тікелей байланысты.

Бұдан өзге, ағымдағы жылы кірістердің артуы кедендік бақылау саласында байқалған, осылайша, қосымша 5,8 млрд теңге бөлінген, 207 978 декларация рәсімделген, бұл өткен жылға қарағанда 3%-ға артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны