19.12.2012, 19:15 4287

2013 жылдың қаңтарынан автомобильді техникалық байқаудан өткізу үдерісінде міндетті бейнебақылау жүргізіледі

"Техникалық байқаудан "сырттай" өту мүмкіндігін болдырмау үшін ТБ ұйымдастыру және өткізу Ережесіне өзгертулер енгізілді: бұрын енгізілген міндетті фото тіркеуден бөлек, автомобильді техникалық байқаудан өткізу процесіне міндетті бейнебақылау жүргізу енгізілді. 2013 жылдың қаңтарынан бастап аталған талаптар заңды күшіне енеді және техникалық байқау өткізуде міндетті болып табылады", - делінген ведомство ақпаратында.

Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - 2013 жылдың қаңтарынан автомобильді техникалық байқаудан өткізу үдерісінде міндетті бейнебақылау жүргізілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі таратқан ақпаратта айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

"Техникалық байқаудан "сырттай" өту мүмкіндігін болдырмау үшін ТБ ұйымдастыру және өткізу Ережесіне өзгертулер енгізілді: бұрын енгізілген міндетті фото тіркеуден бөлек, автомобильді техникалық байқаудан өткізу процесіне міндетті бейнебақылау жүргізу енгізілді. 2013 жылдың қаңтарынан бастап аталған талаптар заңды күшіне енеді және техникалық байқау өткізуде міндетті болып табылады", - делінген ведомство ақпаратында.

Жалпы бүгінгі таңға 619 стационарлық және мобильдік желіден тұратын 297 техникалық бақылау орталығының жұмысы ұйымдастырылған. Ағымдағы жылдың басынан бері республика бойынша 2012 жылы техникалық байқаудан өтуі тиіс 2 млн 155 мың автокөлік құралының 1 млн 478 мыңы өткен. ТБО тарапынан заңсыз әрекеттерге жол бермеу мақсатында автокөлікті пайдалану қауіпсіздігіне тікелей әсер етпейтін визуалды бақылау параметрлерінің тізімі 51-ден 39-ға дейін қысқартылды. Сонымен бірге техникалық байқаудан өту үшін сақтандыру полисін ұсыну міндеті де алынып тасталды.

"Техникалық байқаудан өтудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық ТБО-ларды біріктірген "Техникалық байқау" бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта аталған жүйе тесттік тәртіпте жұмыс істеп тұр. Бұл жүйенің көмегімен техникалық байқаудан өткені туралы 1102 куәліктің жалған берілгені анықталды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны