29.01.2013, 10:18 3044

2013 жылдың ортасына дейін РФ өзара мұнай мен газ жеткізу туралы келіссөздерді аяқтауымыз қажет

Үстіміздегі жылдың ортасына дейін Ресеймен өзара мұнай мен газ жеткізу туралы келіссөздерді аяқтау керек, ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бүгін Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берді.

Астана. 29-қаңтар. Kazakhstan Today - 2013 жылдың ортасына дейін РФ өзара мұнай мен газ жеткізу туралы келіссөздерді аяқтауымыз қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үстіміздегі жылдың ортасына дейін Ресеймен өзара мұнай мен газ жеткізу туралы келіссөздерді аяқтау керек, ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бүгін Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берді.

"Бүгінде біз Ресей жағымен бірлесіп өзара мұнай және газ жеткізуге байланысты бірқатар сұрақтар бойынша келіссөздер жүргізудеміз. Бұл едеуір күрделі мәселе, Қазақстанның көгілдір отынын Оренбург ГӨЗ-на және Ресей мұнайын Павлодар МХЗ-на жеткізу қажет", - деді С.Ахметов.

"Қарашығанақ жобасын одан әрі жүзеге асыру және оны кеңейту Сауат Мыңбаев пен Қайрат Келімбетовтің бірігіп қабылдаған шешіміне байланысты. Сондықтан біз бірінші жартыжалдықтың соңына дейін өз еліміздің мүддесін барынша қорғай отырып келіссөз үрдісін аяқтауымыз қажет", - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.

Сонымен қатар ол бұл сұрақтар "тіпті де оңай емес" және "таразыланған шешімді" талап етеді деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны