31.07.2013, 12:18 6580

2013 жылдың соңына дейін "Самұрық-Қазына" АҚ 2 млрд доллар сомаға 16 инвестициялық жобаны енгізуді жоспарлады

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры үстіміздегі жылдың соңына дейін 16 инвестициялық жобаны енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шүкеев қордың еншілес компаниялары қызметінің І жарты жылдығының қортындысына арналған кеңесте.

Астана. 31-шілде. Kazakhstan Today - 2013 жылдың соңына дейін "Самұрық-Қазына" АҚ 2 млрд доллар сомаға 16 инвестициялық жобаны енгізуді жоспарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры үстіміздегі жылдың соңына дейін 16 инвестициялық жобаны енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шүкеев қордың еншілес компаниялары қызметінің І жарты жылдығының қортындысына арналған кеңесте.

"Үстіміздегі жылдың соңына дейін жалпы сомасы 2 млрд доллар болатын 16 инвестициялық жобаны енгізу жоспарланған. Оның ішінде, Степногор қаласындағы зауытты жөндеу Астанадағы аффинаж зауытын салу бойынша жобалар, сондай-ақ Ақтаудағы пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру бойынша жоба", - деді Ө.Шүкеев.

Жалпы алғанда қордың инвестициялық қоржыны 49 млрд долларлық 74 жобадан тұрады. 22 млрд доллар сома тұратын 53 жоба өңдеу кезеңінде.

Қорда басып айтқандай, жүзеге асырылатын жобалар қосымша құны жоғары өнімдердің жаңа түрлерін құруға, жергілікті шикізаттың кешенді қайта өңдеуінің тереңдігін арттыруға және құрылыс кезінде 72 мың жаңа жұмыс орнын және 28 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны