12.09.2012, 09:28 3445

2013 жылғы бюджет түсімдері 178,2 млрд. теңгеге өсіп, 5 трлн. 415,1 млрд. теңге көлемінде болады деген болжам жасалуда

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын өндіріске алды.

Астана. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today - 2013 жылғы бюджет түсімдері 178,2 млрд. теңгеге өсіп, 5 трлн. 415,1 млрд. теңге көлемінде болады деген болжам жасалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын өндіріске алды.

Мәжіліс аталған құжатқа 17 қазанға дейін қорытынды шығаратын болады.

Еске сала кетсек, үш жылдық бюджет жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында және ағымдағы жылғы "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты Президенттің бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді іске асыруға бағытталған.

Бұл ретте Үкімет ұсынған заң жобасына сәйкес, 2013 жылғы бюджет түсімдері 178,2 млрд. теңгеге өсіп, 5 трлн. 415,1 млрд. теңгені құрайтын болады. Ал 2014 жылы 5 трлн. 707,1 млрд. теңгені, 2015 жылы 6 трлн. 388,2 млрд. теңгені құрайтын болады. Ал шығыстар 2013 жылы 6 трлн. 200 млрд. теңгеден асады. Сонымен қатар, биылғы бюджеттің де әлеуметтік бағдары сақталады. Ал 2013 жылға арналған әлеуметтік шығыстар жалпы шығыстардың 39 пайызын немесе 2,4 трлн. теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны