20.06.2014, 20:02 2893

2013 жылғы мемлекеттік шығындардың үштен бірі өңірлерді дамытуға бағытталған - Б.Сұлтанов

2013 жылғы мемлекеттік шығындардың үштен бірі өңірлерді дамытуға бағытталған, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Алматы. 20 маусым. Kazakhstan today. 2013 жылғы мемлекеттік шығындардың үштен бірі өңірлерді дамытуға бағытталған, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

"ЖІӨ нақты өсімі 6% құрады, ал ЖІӨ-нің негізгі өсімі қызмет көрсету саласына тиесілі, яғни 53%. Соның ішінде жылжымайтын мүлік пен транспорт операциясындағы сауда да артқан. 2013 жылғы инфляция деңгейі 4,8% құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,2% төмендеген. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың ішіндегі 33-і индустриялды-инновациялық даму бағдарламалары мен әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Индустрияландыру картасы жобаларының ЖІӨ өсіміндегі үлесі 0,8 пайыздық өсімді көрсетті", - дейді министр.

Жалпы, 2013 жылы бюджетке 5 трлн 272 млрд теңге түскен. Бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,8% немесе 383 млрд теңгеге артық. Республикалық бюджеттің түсім жоспары 100,6% орындалды. "28 млрд теңге көлеміндегі субсидия алудың арқасында екі мыңнан астам кәсіпкер алдағы уақытта экономикаға түсім әлеуетін арттырып отыр", - дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, еркін сауда аймағынан түсім 35% артты. "Оның үстіне салықты жаңғырту мен кедендік ақпараттық жүйелердің оң әсері байқалуда. Бүгінде салық есебінің шамамен 91 пайызын біз электронды түрде алып отырмыз".

"Республикалық бюджет шығыны 5 трлн 99 млрд теңгені құрады. 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл 95 млрд теңгеге артқан. Шығынның үштен бірі өңірлерге жөнелтілген. Субвенция 866 млрд теңгені, ал мақсатты трансферттер 1 трлн 62 млрд теңгені құрады", - дейді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны