17.12.2012, 15:37 3248

2013 жылы әлеуметтік-маңызды қызметтердің барлығы электрондық форматқа ауыстырылады

"2012 жылы әлеуметтік-маңызды қызмет көрсетулердің 60% электрондық форматқа ауыстырылды. 2013 жылы бұл көрсеткіш 100% жетеді деп жоспарлануда", - деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алексей Анисимов.

Астана. 17-желтоқсан. Kazakhstan Today - Келесі жылы Қазақстанда "электрондық үкіметті" енгізу жобасының аясында барлық әлеуметтік-маңызды қызмет көрсетулерді электрондық форматқа ауыстыру жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2012 жылы әлеуметтік-маңызды қызмет көрсетулердің 60% электрондық форматқа ауыстырылды. 2013 жылы бұл көрсеткіш 100% жетеді деп жоспарлануда", - деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алексей Анисимов.

А.Анисимовтың айтуынша, 2013 жылы электрондық форматта алынатын рұқсатнама құжаттарының тізімдерін 353-ге дейін кеңейту жоспарлануда, бүгінгі таңда ол тізімге 87 құжат түрі кіреді. Ал 2014 жылы барлық рұқсатнама құжат түрлерін портал арқылы электрондық форматта алуға болады, - дейді А.Анисимов.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, "электрондық үкімет" порталында электрондық форматта 67 қызмет түрі, 16 сервис түрі көрсетіледі, мемлекеттік алымның 21 түрі бойынша, мемлекет баж салығының 16 түрі бойынша, салық төлемінің 4 түрі бойынша, сондай-ақ Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері үшін айыппұлдар мен коммуналдық қызметтің үш түрі бойынша төлем қабылдау қызметтерін көрсетеді. Осы кезеңде сондай-ақ портал арқылы 3 489 364 электрондық анықтама берілді (автоматтандыру үрдісі басталғалы бері 14 млн. астам), бірегей қолданушылардың саны 4 410 558 жетті (портал іске қосылғалы бері - 14 148 475). Е-Gov порталына күн сайын 20 мыңнан астам адам кіреді.

Бүгінгі таңда барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарулы органдарға "Е-лицензиялау" мемлекеттік мәліметтер базасы енгізіліп отыр, бұл мүмкіндік адамдарға электрондық форматта кез-келген лицензия түрін алуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, 2011 жылы жалпы ішкі өнім құрылымындағы ақпараттық-коммуникациялық технология секторының, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның үлесі - 3,02% болған.

2012 жылы Қазақстандағы "электрондық үкіметтің" даму деңгейін әлемдік жұртшылық жоғары бағалады.

БҰҰ жүргізіп отырған зерттеу Ұйымға мүше 190 елдің электрондық үкіметті дамыту жөніндегі жұмыстарына жүргізілген салыстырмалы бағалауды құрайды. Бұл бағалау 2003 жылдан бері екі негізгі индекс бойынша: е-үкіметтің даму индексі және е-қатысу индексі бойынша жүргізіліп келеді. Электрондық үкіметтің дамуы жөніндегі БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан е-қатысу индексі бойынша екінші орын алып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны