04.04.2013, 11:09 14344

2013 жылы Астанада "Энергетикалық тиімді шағынаудан" жобасын іске асыру жоспарланған

"Ұлттық палата өз серіктестерімен бірге 2013 жылы ТКШ жетілдіру бағдарламасы шеңберінде Астанада "Энергетикалық тиімді шағынаудан" жобасын іске асыруды жоспарлаған", - деді С.Рахымбекова.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - 2013 жылы Астанада "Энергетикалық тиімді шағынаудан" жобасын іске асыру жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы басқарма төрайымы Салтанат Рахымбекова Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті.

"Ұлттық палата өз серіктестерімен бірге 2013 жылы ТКШ жетілдіру бағдарламасы шеңберінде Астанада "Энергетикалық тиімді шағынаудан" жобасын іске асыруды жоспарлаған", - деді С.Рахымбекова.

Жоба аясында шағынауданның инфрақұрылымын тиімді басқарудың жаңа үлгісі апробацияланады, ол энергия ресурстарына шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Аталған жүйе энергия жетілдіруді өткізу жоспарланған шағынаудандарға үйлерді жергілікті ірілендіру арқылы тұрғын үй қорының жылу жетілдіруін өткізу кезінде ресурстарды оңтайландыруды көздейді.

Осылайша, Астанада осы жобаны бірінші болып Алматы ауданында апробациялау жоспарланған.

"Жетілдіру өткізуді қалайтын үйлерді жергілікті қалыптастыру керек. Бірнеше үйді біріктіру қажет. Осылайша, шағынаудандар приципі ресурстарды, сонымен қатар адам ресурстарын арзандатуға көмектеседі... Ең алдымен, бұл тек бір үйдің ғана емес, тұтас бір ауданның инженерлік инфрақұрылымын оңтайландыруға септігін тигізеді", - деп атап өтті ТКШ Ұлттық палатасының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық палата 2012 жылы ҚР сумен жабдықтау және шығару кәсіпорындарының "Қазақстан Су Арнасы" қауымдастығы, Қазақстанның басқарушы және сервистік компаниялары қауымдастығы, Қазақстандық жылумен жабдықтау ұйымдары қауымдастығы, "Сарыарқа" ТКШ дамыту қауымдастығы сияқты белді ұйымдарынан құрылды.

Бүгінде Ұлттық палата өз қатарларында салалық үкіметтік емес ұйымдарды ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ондаған кәсіпорынды біріктіріп отыр. Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының, Қазақстанның Азаматтық Альянсының, "Атамекен" одағы" Қазақстанның Ұлттық Экономикалық Палатасының және Халықаралық жылжымайтын мүлік менеджменті қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны