24.01.2013, 09:19 3084

2013 жылы Қазақстанда 130 индустриялық жоба іске асырылады

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов 2012 жылдың қорытындысы мен Стратегия-2050 бағдарламасын іске асыру міндеттеріне арналған және Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан кеңесте мәлім етті.

Астана. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - 2013 жылы Қазақстанда Индустрияландыру картасының аясында 130 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов 2012 жылдың қорытындысы мен Стратегия-2050 бағдарламасын іске асыру міндеттеріне арналған және Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан кеңесте мәлім етті.

"Ағымдағы жылы 130 шақты жобаны іске қосу жоспарлануда, олардың қатарында: Ақтөбедегі жаңа ферроқорытпа зауыты; Павлодардағы күйдірілген анодтар өндірісі; Қостанайдағы ұсақ сұрыпты прокат өндірісі; Ақсу ГРЭС №6 энергоблогын қайта жаңарту жобасы; Ақтаудағы битум зауыты, Шымкенттегі "Химфарм" кәсіпорнының өндірістік қуатын кеңейту жобасы, Өскемендегі фотоэлектр пластиналарының өндірісі және т.б. нысандар бар", - деп атап көрсетті С.Ахметов өз сөзінде.

С.Ахметов Мемлекет басшысын сондай-ақ, Жамбыл облысындағы минаралдық тыңайтқыштар өндіру зауыты, Шығыс Қазақстан облысындағы толық циклдағы автозауыт сияқты ағымдағы жылы басталатын ірі нысандардың құрылыстары туралы хабардар етті.

Естеріңізге сала кетейік, Ақордада ҚР Президентінің қатысуымен өткен жатқан кеңесте 2012 жылдың қорытындысы және 2050 жылға дейінгі Стратегияны іске асыру жөніндегі міндеттер қаралуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны