04.02.2014, 19:34 3562

2013 жылы Қазақстанда 6 мың АМСК маманы білім алды - ДСМ

"2013 жылы АМСК мамандарын дайындау мен жалпы дәрігерлік тәжірибені дамыту мақсатында, алғашқы медициналық көмек сапасының қолжетімділігін арттыру үшін елімізде 6 мың маман дайындалды. Соның ішінде 2 мыңнан астамы дәрігерлер".

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында 2013 жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарын дайындау мақсатында 6 мың медицина маманы оқытылды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігіндегі брифингте ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитетінің төрағасы Лаура Ахметниязова мәлімдеді.

"Өзінің кезекті жолдауында Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласының дамуының басты себептерінің бірі алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің дамуы екенін айтқан болатын. Сонымен қатар, өздеріңізге де белгілі, 2011 жылдан бастап ҚР-да 5 жылға жоспарланған "Саламатты Қазақстан" ҚР денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдараламасы жұмыс істеп жатыр. Осы бағдарламаның арқасында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің кадрлық капиталы нығаюда", - дейді Л.Ахметниязова.

Оның айтуынша, "2013 жылы АМСК мамандарын дайындау мен жалпы дәрігерлік тәжірибені дамыту мақсатында, алғашқы медициналық көмек сапасының қолжетімділігін арттыру үшін елімізде 6 мың маман дайындалды. Соның ішінде 2 мыңнан астамы дәрігерлер".

Естеріңізге сала кетейік, Қазақсанда алғашқы медициналық-санитардық көмек медициналық қызмет көрсетудің негізі болып табылады және онда аурудың алдын алу, диагностика, ауруды емдеу, медициналық оңалту, жүктілік кезін бақылау, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру мен халықты санитарлы-гигиеналық ағарту шараларын қамтиды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны