14.12.2012, 14:11 5956

2013 жылы Қазақстанда технологиялық форсайт аясында нысанды бағдарламалар іске қосылады

Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің вице-министрі Қаныш Төлеушин "Шағын және орта бизнеске инвестициялар - Қазақстанның орнықты экономикалық өсімінің факторы" атты тақырыпта өтіп жатқан халықаралық инвестициялық форумда мәлім етті.

Астана. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алғаш рет жүргізілген ғылыми-технологиялық форсайттың аясында келесі жылы Қазақстанда нысанды технологиялық бағдарламалар іске асырыла бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің вице-министрі Қаныш Төлеушин "Шағын және орта бизнеске инвестициялар - Қазақстанның орнықты экономикалық өсімінің факторы" атты тақырыпта өтіп жатқан халықаралық инвестициялық форумда мәлім етті.

"Мемлекет басшысы технологиялық форсайт әзірлеп, оны өткізу жөніндегі маңызды міндеттерді жүктеген болатын. Бұдан бөлек, еліміз үшін алдағы 10-15 жылдар барысында дамытуға аса маңызды саналатын қажетті технологияларды анықтауды тапсырған еді. Осыған орай, біз бірқатар басым технологияларды анықтадық. Ирбір технология бойынша нысаналы бағдарлама жасалады. Бұл біздің еліміз үшін мүлдем жаңа құрал болмақ. Қазіргі таңда бұл мәселе әзірленіп, сараланып, талдануда, менің ойымша келесі жылдан бастап іске қосыла бастайтын болады", - деді Қ.Төлеушин өз сөзінде.

Бұған дейін хабарлағандай,Қазақстанда іске асырылып жатқан ұлттық ғылыми-технологиялық форсайт аясында 10 нысанды технологиялық бағдарлама әзірленіп жатыр, - деп хабарлады "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ-ның басқарушы директоры Жұматай Сәлімов.

"Біздің жоспарымыз: қандай да бір сыни технологияны дамыту жөніндегі іс-шаралардың толыққанды жоспарын және инфрақұрылымдар дайындау, кадрлар даярлау және қажетті R&D шараларын өткізу аспектілерін қамтитын 10 нысанды технологиялық бағдарлама әзірлеу", - деді Ж.Сәлімов өз сөзінде.

Оның айтуынша, қазіргі таңда жасақталған 10 жұмыс тобы агроөнеркәсіптік кешен, мұнай-газ, кен-металлургия, ақпараттық-коммуникациялық технология, химия және балама энергетика сияқты салаларға арналған бағдарламаларды әзірлеумен айналысуда.

Аталмыш технологиялар Кореяның KISTEP институтымен бірлесіп жүргізілген республикалық форсайттық зерттеулердің нәтижесі бойынша анықталған стратегиялық технологиялар тізбесінің бөлігі болып табылады.

"Былтыр форсайттық зерттеулер аяқталып, 63 сыни технология анықталды, олардың тізімі кейіннен тағы бір талқыланып, жеті негізгі сала бойынша 75 технологияға дейін кеңейтілді", - деп хабарлады Агенттіктің басқарушы директоры.

Айта кету керек, нысанды бағдарламаларды әзірлеуге мемлекет қана емес, бизнес-құрылымдар да атсалысуда. "Нысанды технологиялық бағдарламалар - мемлекеттің, бизнестің және ғылымның өзара іс-қимылдары, яғни қандай сыни технологиялар болмаса, оларды үш тарап бірлесіп дамытатын болады", - деп түйіндеді өз сөзін Жұматай Сәлімов.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметі бойынша,еліміздің инновациялық саясатына да басымдық берілуде. Атап айтқанда, 100 шақты тармақты қамтитын инновациялық қызметті қолдау тетіктерінің пакеті жасалып отыр.

Оған қоса, еліміздегі инвестициялық және инновациялық қызметтерге тартылатын басымдықты шет елдердің тізімі анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада "Шағын және орта бизнеске инвестициялар - Қазақстанның орнықты экономикалық өсімінің факторы" тақырыбына арналған халықаралық инвестициялық форум өтуде. Аталған форум "KAZadvancement" Шағын және орта бизнесті дамыту қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі "Kaznex Invest" Инвестиция және экспорт жөніндегі агенттік" АҚ қолдауымен өтуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны