14.01.2014, 19:12 2817

2013 жылы Қазақстанда төтенше жағдайлар саны 18 % қысқарды

ТЖМ күштері авариялық-құтқару жұмыстарына 56534 шығу жасады, 6748 адамды құтқарды, төтенше жағдай аймағынан 6651 адамды эвакуациялады, зардап шеккен 3667 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда 2013 жылы ТЖ саны 17,6 пайызға қысқарды, деп Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Алдын алу профилактикалық іс-шараларды сапалы өткізудің арқасында 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ТЖ саны 17,6%-ға, оның негативті салдарынан қаза болғандардың саны 15,9%-ға, зардап шеккендер саны 13,3%-ға азаюына қол жеткізілді", - делінген хабарламада.

Көбінесе, өз қызметтік міндеттерін орындай отырып өрт сөндірушілер мен құтқарушылар нағыз батырлық танытады. Ағымдағы жылы Министрліктің 26 қызметкеріне мемлекеттік награда - медальдар мен ордендер табыс етілді.

Айта кетерлігі, ТЖМ күштері авариялық-құтқару жұмыстарына 56534 шығу жасады, 6748 адамды құтқарды, төтенше жағдай аймағынан 6651 адамды эвакуациялады, зардап шеккен 3667 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны