12.02.2013, 17:11 3884

2013 жылы Кедендік одақтың 13 техникалық реттемесі күшіне енеді

Қазақстанда 2013 жылы Кедендік одақтың 13 техникалық реттемесі күшіне енеді, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев КО аясында техникалық реттемелерді жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихатында.

Астана. 12-ақпан. Kazakhstan Today - 2013 жылы Кедендік одақтың 13 техникалық реттемесі күшіне енеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2013 жылы Кедендік одақтың 13 техникалық реттемесі күшіне енеді, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев КО аясында техникалық реттемелерді жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихатында.

"Бүгінгі таңда Кедендік одақтың 31 техникалық реттеме қабылданды, олардың 8-і 2012 жылы күшіне енді, солар арқылы республика аумағында бейімдеу мен енгізу бойынша барлық шаралар қабылданды", - деді Р.Сәтбаев.

Сонымен қатар, ол ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап машина жасау өнімдеріне міндетті талаптар қоятын алты реттеме, ал 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап азық-түлік өнімдеріне техникалық реттемелер күшіне енетінін атап өтті.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы жасалған техникалық реттемелер мен стандарттар Еуропалық директивалармен және халықаралық талаптармен үйлестірілгенін атап өтті.

Өз алдына аккредиттеу қызметінің тиімділігі мен айқындығы үшін кезең-кезеңмен "е-аккредиттеу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны