15.05.2014, 23:24 3321

2013 жылы КО елдеріне шыққан экспорт көлемі 5,9 млрд долларды құрады - Б.Қасымбеков

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков 2013 жылы КО елдеріне шыққан экспорт көлемі 5,9 млрд долларды құрағанын айтты.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков 2013 жылы КО елдеріне шыққан экспорт көлемі 5,9 млрд долларды құрағанын айтты.

"2013 жылы КО елдеріне шыққан экспорт көлемі 5,9 млрд долларды құрады, 2010 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,3%-ға төмендеген. Оған себеп шикізаттық тауарлар экспортының 12,9% төмендеуі мен өңделген тауарларыдң 13%-ға азаюы. Сонымен қатар, 2010 жылғымен салыстырғанда өңделген тауарлардың экспорты 10,3 пайызға артып, дайын тауар тасымалының да 1,2 млрд долларға жетуі жоғарғы көрсеткішке алып келген", - дейді ол.

Оның айтуынша, дайын тауарлар экспортында 350 млн долларлық кері экспорт көрсеткіші де жоқ емес.

"Осылайша кері экспорт көрсеткішінің азаюымен отандық дайын тауарлардың өндірісі 850 млн долларға дейін артты", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны