31.01.2014, 18:41 5880

2013 жылы ҚР мен РФ арасындағы әскери тауар айналым 140 млн долларды құрады - И. Жақсыбеков

Жалпы, екі елдің ведомство басшылары Иуе қорғанысының бірыңғай жүйесінің бүгінгі жағдайын талқылады. Сонымен қатар, әскери-техникалық әріптестік, Ресейдің Қазақстандағы тәжірибелік полигондарын жалға алуы және қолдану мәселелері қаралды.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР мен РФ арасындағы әскери тауар айналым 2013 жылы 140 млн долларды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР мен РФ қорғаныс ведомство басшыларының бірлескен отырысында ҚР қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков мәлімдеді.

"Сергей Шойгудың сапары Жоғары Қолбасшылар берген тапсырсырмаларды жүзеге асыру болып табылады. Екі жақты мемлекеттің әскери саласындағы ынтымақтастықтың белсенді дамуы, өткен жылдың тауар айналымымен салыстырғанда осы жылы тауар айналым 140 млн долларды құрады", - деді И. Жақсыбеков.

ҚР Қорғаныс ведомствосының басшысы Қарағанды түбіндегі "Спасск" орталығында "Ирекеттестік-2014" жаттығуын өткізуді ұсынды.

"Сондай-ақ, біз осы жылы жүзеге асыратын жоспарымызды, атап айтатын болсақ, Қазақстанның аумағындағы тәжірибелік полигондарды пайдалану мен әскери-ғарыштық сала бойынша ақпарат алмасуды дамыту, киберқауіп пен терроризмге қарсы бірлесе әрекет ету мәселелерін талқыладық. Осы сұрақтар бойынша біз өзара түсіністікке қол жеткізіп, бірлесе жұмыс істеуімізді одан әрі дамытамыз деп отырмыз", - деп ведомство басшысы өз ойын толықтырып өтті.

Жалпы, екі елдің ведомство басшылары Иуе қорғанысының бірыңғай жүйесінің бүгінгі жағдайын талқылады.

Сонымен қатар, әскери-техникалық әріптестік, Ресейдің Қазақстандағы тәжірибелік полигондарын жалға алуы және қолдану мәселелері қаралды.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс министрлері әскери білім саласы бойынша өзара әрекет мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Иділбек Жақсыбеков Сергей Шойгуға ҚР ҚМ Кадеттік корпусынды ресейлік азаматтарды ақысыз білім алуға жіберуді ұсынды.

Кездесудің қорытындысы бойынша Иділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу қорғаныс саласындағы қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың даму динамикасына оң бағасын беріп, бүгінгі отырыс қорғаныс бағытындағы ынтымақтастықтың дамуына тың серпіліс беретініне сенім білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны