28.12.2013, 19:50 5649

2013 жылы ҚР Парламенті 95 заң қабылдады

2013 жылы Парламент 95 заңды қабылдады. Соның ішінде 9-ы өз бетінше заңдар болса, 39-ы қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, 47-сі халықаралық келісімдер мен келісімшарттарды ратификациялау туралы.

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan today. 2013 жылы ҚР Парламенті 95 заң қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

"2013 жыл - Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Жолдауын орындаудың алғашқы жылы. 2013 жылы Парламент 95 заңды қабылдады. Соның ішінде 9-ы өз бетінше заңдар болса, 39-ы қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, 47-сі халықаралық келісімдер мен келісімшарттарды ратификациялау туралы", - делінген хабарламада.

Жыл бойы Сенат тарапынан Палатаның 28 отырысы өткізіліп, онда 150-дей мәселе қаралған.

Сонымен қатар, талқыланған мәселелер бойынша олардың заңнамалық шешу жолдары ұсынылды және олардың шешу жолдары дайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны