28.01.2014, 19:55 4673

2013 жылы ҚР-да өмір сүру ұзақтығы 70 жасты құрады - С.Қайырбекова

Министрдің мәліметі бойынша, ведомство денсаулық сақтау саласына 838,2 млрд. теңге жұмсады. 2012 жылы бөлінген қаржы көлемі жағынан өткен жылдан 14%-ға төмен. Республикалық бюджет қаражатының 99,9% толығымен игерілді.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылы ҚР-да өмір сүру ұзақтығы 70 жасты құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен өткен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген отырысында Салидат Қайырбекова мәлім етті.

"Біз 2013 жылы денсаулық саласының басты көрсеткіші тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын жақсарту мақсатында бар зейінімізді негізгі міндеттерді жүзеге асыруға аудардық. Өз кезегінде туу көрсеткішін артып, керісінше, өлім-жітім жағдайларының төмендеуі осы салада жақсы нәтижелерге жетуімізге септігін тигізді. Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша өлім-жітім көрсеткіші 8,1% құрап, өткен 2012 жылдан , 4,6%-ға төмен болды. Елімізде алғаш рет өмір сүру ұзақтығы бір жылда 0,69-ға көтерілді. 2013 жылы өмірсүру ұзақтығы 70,3 жасты құрады. Айта кетерлік жайт,мұндай жетістікке денсаулық министрлігі 2015 жылы жетеміз деп жоспарлаған болатын", - деді ведомство басшысы.

Министрдің мәліметі бойынша, ведомство денсаулық сақтау саласына 838,2 млрд. теңге жұмсады. 2012 жылы бөлінген қаржы көлемі жағынан өткен жылдан 14%-ға төмен. Республикалық бюджет қаражатының 99,9% толығымен игерілді.

"Бізге міндетті сақтандыру жұйесін енгізу керек. Осы ретте біз ескі тәжірибемізді есепке алсақ болады. Осы мақсатта мәселенің мән-жайын ашып, халықтың пікірін жан-жақты білу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында арнайы форум ашылған", - деп С.Қаийырбекова өз ойын толықтырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны