14.01.2014, 19:26 3459

2013 жылы ҚР-да "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы бойынша 16 тікұшақ алынды

"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында санитарлық авиация саласын дамыту мақсатында 2013 жылы ЕС-145 маркалы 14 және Ка-32 маркалы 2 тікұшақ алынды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында санитарлық авиация саласын дамыту мақсатында 2013 жылы ЕС-145 маркалы 14 және Ка-32 маркалы 2 тікұшақ алынды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

"Өткен жылы осы тікұшақтар 255 рет ұшырылып, 221 пациент емдеу мекемелеріне жеткізілді. Ал 226 адамға дәрігерлік кеңес берілсе, 7 рет шұғыл операция ұйымдастырылған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2014 жылы Қазақстанда 14 трассалық медициналық-құтқару пунктерін құру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда еліміздің 11 облысында 26 трассалық медициналық-құтқару пункттері жұмыс істеп тұр.

"ЖКО зақымданған немесе оқиғаға куә болған адамдар жақын жердегі жол бойында орналасқан пунктерге барып мәлімдеуге немесе 112 нөмірімен құтқару қызметіне қоңырау шала алады. Ұялы телефон арқылы қоңырау шалу тегін және нөлдік баланс кезінде де қоңырау шалынады", - деп нақтыланған хабарламада.

Өткен жылы трассалық пункт қызметінің көмегімен 719 шақыртуға көмек көрсетіліп, 2028 адамға медициналық қызмет көрсетілсе, 673 адам госпитализацияланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны