04.02.2014, 19:41 3400

2014-2015 жылдары Азаматтық авиация саласында техникалық қызметкерлерді даярлайтын оқу орталығын ашу жоспарланып отыр

Одан тыс қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатымен Министрлік Білім және ғылым министрлігіндегі әріптестермен бірге Азаматтық авиация академиясының "Patria" (Финляндия) Ұшу мектебімен еуропа деңігейіндегі бірлескен қазақстандық ынтымақтастық мектебін ашу үшін келісім жасалған. Одан басқа ағымдағы жылы авиация қауіпсіздігі бойынша ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орта азиядағы жалғыз cубөңірлік оқыту орталығы құрылды.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. 2017 жылға қарай ҚР-да ішкі әуе қатынастарының санын 50 %-ға арттыру; халықаралық авиамаршруттар санын 2017 жылға қарай 1,5 есе арттыру (132-ге дейін); 2018 жылға қарай барлық облыс орталықтарында ұшу-қону жолақтарының реконструкциясын 100%-ға аяқтау; жолаушылар ағынын 2020 жылға қарай 70%-ға арттыру, ал транзиттік рейстерді сол уақытқа қарай екі есе арттыру жоспарлануда. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Үкімет отырысында мәлім етті.

Ағымдағы жылдың басынан ҚР-да әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшуды қамтамасыз етуші радиотехникалық жабдықтарын пайдалануды іске асыратын қызметтерді сертификаттау ережелері енді, әуежайларды басқару жөніндегі бірыңғай оператор құрылды, Азаматтық авиация халықаралық ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқыту орталығы құрылды. Бұдан тыс былтырғы жылдың қаңтарынан Техникалық ынтымақтастық бюросының (ТЫБ) сарапшыларымен Қазақстанның авиациялық билігіне қажетті кеңестік қолдау көрсетілуде. Бірлескен жұмыс нәтижесінде 2009 жылы ҚР-да өткізілген ИКАО аудитінің ескертпелерін жою жөніндегі өткізіліп жатқан шаралар аясында Иуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы ҚР қолданыстағы заңнамасына 80 түзету енгізілді, оның 69 ұшу қауіпсіздігін арттыру сұрақтарын қамтиды.

Одан тыс ИКАО инспекторларымен бірге 60 әуе компанияларының тексерісі өткізілді, нәтижесінде ел бойынша 8 сертификат кері қайтарылды, 4 әуе компанияның қызметі тоқтатылды. Осылайша бүгінгі күні елімізде қолданыста 48 эксплуатант бар.

Сонымен қатар Азаматтық авиация комитеті толығымен 65 білікті мамандармен, оның ішінде 40-мемлекеттік инспекторлармен, жасақталған. Сөзге қосқанда, Комитетке кәсіби дайындығы және жұмыс тәжірибесі жоғары қызметкерлерді қабылдау үшін жұмысқа тартылып жатқан мамандардың жалақысы сала кәсіпорындарындағы деңгейге дейін көтерілді.

Одан тыс былтырғы жылдың желтоқсанында ИКАО институтының өкілдерімен Комитет қызметкерлерін оқыту үдерісі басталды. Бүгінгі күні олар 4 теориялық курстан өткен, ал ағымдағы жылдың аяғына дейін олардың теориялық дайындығы толығымен бітеді. Теориялық дайындықты өткен соң Комитет қызметкерлері ИКАО ТЫБ сарапшыларының жетекшілігімен жұмыс орнында сынақтан өтеді. Қазақстанда осындай курстар бірінші рет ұйымдастырылғанын атап атйқан жөн.

Одан басқа Көлік инфрақұрылымын дамыту жөнінде 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әуежайлар инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс жалғасуда: бүгінгі күні еліміздің әуежайларында 13 ұшу-қону жолақтарының және 9 терминалдың реконструкциясы өткізілген. Облыс орталықтарының әуежайларын 2018 жылға дейін толығымен реконструкциядан өткізу жоспарлануда.

Мемлекеттік бағдарламамен жергілікті әуе қатынасының аэродромдар желісінің дамуы көзделген: 2020 жылға дейінгі мерзімде Министрлікпен әкімдіктердің сауалдары негізінде аудандық орталықтарда жергілікті әуе қатынастар желісінің 16 аэродромын құру және реконструкция өткізу жөніндегі сұрақтар талданған. Жергілікті әуе қатынастары желісінің 16 аэродромының 5-еуінде жасанды және 11-інде топырақты ұшу-қону жолағы болады.

Сонымен қатар елімізде 2013 жылы халықаралық әуе қатынастарының саны өскен: бүгін ҚР-да олардың 79 бар, оның 15-і былтыр іске қосылған болатын. 2014 жылы тағы 13 авиамаршрутты іске қосу жоспарланып отыр.

Иуе кемелерінің паркін жаңартуға келсек, 2013 жылы батыс елдерінің өндірісінен шыққан 13 жаңа ұшақ сатылып алынды, ал ағымдағы жылы парк тағы 14 ұшақпен жаңартылады (4 магистральді және 10 аймақтық).

Министрлік қызметінің тағы бір бағыты - жолаушыларға қызмет көрстеу сапасын арттыру. Осы мақсатпен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде әуежай инфақұрылымын басқару саласындағы озық дүниежүзілік тәжірибені енгізу үшін Zurich Airport International дүниежүзілік компаниясын жұмысқа тартатын әуежайларды басқару жөніндегі бірыңғай операторы құрылды. Осылайша Министрлікпен Жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа ережелері әзірленді және ISAGО халықаралық стандарттары енгізілуде. Одан тыс, 2014 жылы Астана, Алматы және Ақтау әуежайларында мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарын енгізу жоспарланған.

Одан тыс қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатымен Министрлік Білім және ғылым министрлігіндегі әріптестермен бірге Азаматтық авиация академиясының "Patria" (Финляндия) Ұшу мектебімен еуропа деңігейіндегі бірлескен қазақстандық ынтымақтастық мектебін ашу үшін келісім жасалған. Одан басқа ағымдағы жылы авиация қауіпсіздігі бойынша ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орта азиядағы жалғыз cубөңірлік оқыту орталығы құрылды. Сонымен бірге 2014-2015 жылдары Азаматтық авиация академиясының негізінде еуропалық стандарттарға сәйкес болатын техникалық қызметкерлерді даярлау бойынша оқу орталығын ашу жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны