22.04.2014, 20:19 2990

2014 жылдың бірінші тоқсанында egov.kz порталын 1,5 млн адам тамашалаған

2014 жылғы бірінші тоқсанда порталға 1,5 млн. жуық адам кірген - 1 458 177 бірегей пайдаланушылар, алдыңғы жылдағы осыған ұқсас мерзіммен салыстырғанда үш есе көп - 507 741.

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылғы бірінші тоқсанда порталға 1,5 млн. жуық адам кірген - 1 458 177 бірегей пайдаланушылар, алдыңғы жылдағы осыған ұқсас мерзіммен салыстырғанда үш есе көп - 507 741.

Ресми сайтта аталып өткендей, электронды үкімет жұмыс істеген уақытта өзінің табыстылығын ұдайы көрсетіп келеді. Жыл сайын қызметтер мен пайдаланушылар саны артуда. Сонымен,2014 жылғы бірінші тоқсанда порталға 1,5 млн. жуық адам кірген - 1 458 177 бірегей пайдаланушылар, алдыңғы жылдағы осыған ұқсас мерзіммен салыстырғанда үш есе көп - 507 741. Тіркелген пайдаланушылардың саны бірінші тоқсанда 336183 құрады, 2013 ж. 1 тоқсанда олардың саны 243 259 құрады.

Бүгінгі күні еліміздің азаматтарына 121 мемлекеттік қызметтер онлайн форматта қолжетімді. Одан басқа, 49 сервис, мемлекеттік жинақтардың 21 түрін төлеу, мемлекеттік баж салығының 17 түрі, салық төлемдерінің 4 түрі, коммуналдық қызметтердің 3 түрі, ЖҚЕ бұзғандығы үшін айыппұлдарды төлеу, сондай-ақ электрондық лицензиялаудың 81 қызметі.

Жалпы, бірінші тоқсандар барлығы 8 188 071 рет қызмет көрсетілді.

Айта кету керек, порталдың ең танымал қызметтерінің арасында: мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы мен зейнетақы аударымдары туралы анықтамасы.

Порталдан қызмет түрлерін тұтынумен қатар азаматтар порталдың ақпараттық ресурсын да еркін қолдана береді. Миллионнан астам адам биылғы жылдың бірінші маусымында порталдың түрлі өмірлік жағдайларға шешім ұсынатын мағлұматтары жарияланған бөліміне кірген. Мысалға, үй құрылысын рәсімдеу мен декреттік демалыс уақытына мемлекеттік төлем құнын есептеу тәртібін іздестірген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны