03.07.2014, 21:04 3166

2014 жылдың қыркүйегінде жаңа әуежай құрылысы басталады - А.Мәмин

2014 жылдың қыркүйегінде жаңа әуежай құрылысы басталады - А.Мәмин

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. 2014 жылдың қыркүйегінде жаңа әуежай құрылысы басталады, деп мәлімдеді бүгін "Қазақстан Темір жолы" ҰК" АҚ президенті Асқар Мәмин Мемлекет басшысына жұмыс қорытындысын баяндай келе.

"Иуежай құрылысын да сізге баяндағанбыз. Бірінші кезеңді қыркүйкте бастап кетеміз, сосын коммуникация, желі мен ғимараттарды сүру жұмыстарын қолға аламыз. Құрылыс жұмыстары сонымен қатар ескі әуежайдың бір бөлігін де қамтиды", - дейді Асқар Мәмин.

Сонымен қатар, А.Мәминнің айтуынша, ұшу-қону жолағының құрылысы әзірге жоспарда жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Астана нысандарымен танысу барысына Елбасы "Астана ЭКСПО-2017" көрмесінің құрылыс алаңында да болды.

Кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаев құрылыс компаниялары мен мемлекеттiк органдары өкiлдерiнің көрме кешенiн салу қарқыны туралы есептерiн тыңдап, жұмыс барысын талқылауда. "Sembol", "Mabetex", "BI-Group", "Базис-А", "САЭМ", Mega Managment, Astana Innovation, Мәдениет министрлiгi, Көлiк және коммуникация министрлiгi, "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ өкiлдерi Мемлекет басшысын өз жобаларымен таныстырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны