06.02.2014, 22:41 4889

2014 жылдың соңына дейін "Байқоңыр" кешенін бірлесе пайдалану бойынша Жол картасының 22 пункті жүзеге асырылуы керек - Б.Сағынтаев

"Байқоңыр" әдетінше әлем бойынша өнімділігі жоғары және ғарыш ынтымақтастығы саласындағы ең ірі нысан. Алайда, осыған қарамастан көптеген шешілмеген мәселелер бар. Қазақстан Жол картасының 8 пунктінің ағымдағы жылды алғашқы жартысында орындауға міндетті", - деді Сағынтаев.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. 2014 жылдың соңына дейін "Байқоңыр" кешенін бірлесе пайдалану бойынша Жол картасының 22 пункті жүзеге асырылуы керек. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің алқа отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б. Сағынтаев мәлім етті.

"Байқоңыр" әдетінше әлем бойынша өнімділігі жоғары және ғарыш ынтымақтастығы саласындағы ең ірі нысан. Алайда, осыған қарамастан көптеген шешілмеген мәселелер бар. Қазақстан Жол картасының 8 пунктінің ағымдағы жылды алғашқы жартысында орындауға міндетті", - деді Сағынтаев.

Оның айтуынша, аталмыш құжатты жүзеге азыру кезеңдері наурыз айында хабарланады.

"Наурыз айының соңында Жол картасы бойынша ("Байқоңыр" кешенін 2014-2016 жылдар аралығында бірлесе пайдалану) жиналыс өткізіп, оның орындалу деңгейінен хабардар боламыз. Себебі, біз ұзақ уақыт оның орындалуын күттік", - деп Б. Сағынтаев ағынан жарылды.

Естеріңізге сала кетейік, Жол картасына өткен жылы Мәскеуде екі елдің Президенттерінің қатысуымен қол қойылған. Бұл құжат "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласының жұмысы мен дамуын, "Байқоңыр" ғарыштық зымыран кешенінің құрылысын және "Байқоңыр" кешенінің шарттық-құқықтық негізін жетілдіруді көздейді.

"Жасыратыны жоқ, біз Жол картасын ұзақ дайындадық, таластық. Жол картасы Ресейден гөрі бізге көбірек керек. 26 пункттің 24 Қазақстанның мүддесі үшін. Егер құжатты мұқият қарайтын болсақ ағымдағы жылы біз 22 пункттіні орындауымыз керек", - деп Премьер-Министрдің орынбасары атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны