08.04.2014, 20:22 3006

2014 жылдың соңына дейін "Самұрық-Энерго" АҚ 70-ке жуық мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдайды

"Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды еңбекке тарту бойынша көптеген шаралар атқарылды. Қазіргі таңда компанияда олардың саны 111-ді құрайды. Біздің жоспар бойынша, жыл соңына дейін тағы 70 шақты адамды жұмысқа қабылдамақшымыз", - дейді А.Сатқалиев.

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы тапсырмасын орындау мен мүмкіндігі шектеулі жандарды өздерінің ұжымдарына қабылдауға "Самұрық-Энерго" АҚ басшылығы дайын отыр. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде акционерлік қоғам басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді.

"Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды еңбекке тарту бойынша көптеген шаралар атқарылды. Қазіргі таңда компанияда олардың саны 111-ді құрайды. Біздің жоспар бойынша, жыл соңына дейін тағы 70 шақты адамды жұмысқа қабылдамақшымыз", - дейді А.Сатқалиев.

Оның айтуынша, осы орайда компания айтарлықтай ірі және жауапты жұмысқа ден қоймақ.

"Бұл үшін арнайы құрылғылардың керек екендігін біз де түсінеміз. Сонымен қатар, онда қауіпсіздік ережелері де сақталуы керек. Бұл тұрғыда біз барлық халықаралық талаптарға сай келеміз", - дейді А.Сатқалиев.

Айта кету керек, төрағаның айтуынша, "Самұрық-Энерго" АҚ қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша көбейтілді.

"Жалпы, компания қызметкерлерінің айлық орташа жалақы көрсеткіші 135 мың теңге көлемінде. Біз өндірістік, инженерлік-техникалық қызметкерлердің айлығын осы деңгейге жеткізіп, бұл өз кезегінде кадр тұрақтылығына кепіл болып отыр. Сонымен қатар, компанияның мамандар алдындағы жауапкершілігі де артты", - дейді А.Сатқалиев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны