25.07.2014, 19:43 2414

2014 жылдың жартысында бюджеттік қаржының 99,3% игерілді- ДСМ

Жарты жыл ішінде 99,3% бюджеттік қаржы игерілді, бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде белгілі болды, - деп ведомстводан хабарлады.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan today. Жарты жыл ішінде 99,3% бюджеттік қаржы игерілді, бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде белгілі болды, - деп ведомстводан хабарлады.

2014 жылдың 1 жарты жылдығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы 330,7 млрд. теңге, оның ішінде 149,9 млрд. теңге - ағымдағы бюджеттік бағдарламалар, 180,8 млрд. теңге - нысаналы трансферттер бойынша қарастырылған.

Жиында өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары ағымдағы жылдың соңына дейін бөлінген қаражатты толық көлемде игеру бағытында қолға алынып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде министр Салидат Қайырбекова ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану және заңдылықты сақтау бойынша жүйелі іс-шараларды жалғастыратынын атап көрсетті. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардан денсаулық сақтау нысандары құрылысына бақылауды күшейтуді талап етті.

"Атап өтетін жайт, орталық мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын басқару бойынша қызмет тиімділігін бағалау нәтижесінде 2013 жылдың қорытындысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 23 мемлекеттік орган ішінде 2 орынды алды. Бағаланған 26 бюджеттік бағдарламалардың 24-і бойынша нәтижеге толықтай қол жеткізілді. Бұл көрсеткіш Министрлік жұмысының тұрақтылығын көрсетеді. Дебиторлық қарыз көлемі азайып, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауға жол берілген жоқ", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысына қатысты ҚР Есеп комитеті жүргізген кешенді бақылау нәтижесінде ұрлау, заңсыз шығын жұмсау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны