05.09.2012, 11:09 3144

2014 жылға дейін иесіз электр желілері энергия кәсіпорындарының қарамағына толық өтуі тиіс

Бұл туралы бүгін үкіметтің селектрлік отырысында өз баяндамасында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Астана. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today - 2014 жылға дейін иесіз электр желілері энергия кәсіпорындарының қарамағына толық өтуі тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін үкіметтің селектрлік отырысында өз баяндамасында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Электр желілерінің тозуы мен иесіз элетр желілері көлеміне тоқталып өткім келеді. Икімдіктер электр желілері компаниялары басшыларының материалдардың апаттық қорын құруын қадағалауы тиіс. 2014 жылға дейін иесіз электр желілерінің толығымен энергия кәсіпорындарының қарамағына өткізу бойынша жұмыстарды аяқтауымыз қажет. Бұл ретте иесіз желілерді жаңарту мен қызмет көрсетуге қаражаттың қарастырылмағанын ескерген жөн", - деді Исекешев.

Сонымен қатар, өз сөзінде ол шағын және моноқалалардағы тұтынушылардың энергиямен қамтылуына ерекше назар аудару қажеттігін ескертті.

"Бұл Кентау, Теміртау, Семей, Жаңатас, Қаратау, Көкшетау қалаларына қатысты. Аталған өңірлердің әкімдері жылу беру нысандары мен олардың инфрақұрылымдарын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жылдамдататын арнайы жоспарды құрулары қажет", - деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны