13.06.2014, 23:53 3707

2014 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы - 4,099 трлн. теңгені құрады

"2014 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы шарттарының барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны 9 865 876 бірлікті, зейнетақы жинақтарының сомасы - 4,099 трлн. теңгені құрады",- делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы жыл басынан бергі жұмыстың қорытындыларын жариялады.

"2014 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы шарттарының барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны 9 865 876 бірлікті, зейнетақы жинақтарының сомасы - 4,099 трлн. теңгені құрады",- делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Қордың ақпаратына сәйкес, "бүгінгі күні міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша 270 000 астам шарт жасалды. Енді шамамен 7 мыңға жуығы жасалу сатысында (деректерді өңдеу, деректемелерді өңдеу, БЖЗҚ деректер базасына енгізу). Жыл басынан Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жарналардың сомасы 6,2 млрд. теңгеден асты".

Жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) зейнетақы активтері мен міндеттемелерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) қабылдау-өткізу барысы 1 сәуірде аяқталды. Барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шоғырланды. Зейнетақы заңнамасына сәйкес барлық зейнетақы активтеріне сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Екінші кезең аясында қазіргі уақытта барлық жинақтаушы зейнетақы қорларынан салымшылар туралы тарихи ақпараттың және қағаз және электронды тасымалдауыштағы мұрағаттарды беру бойынша жұмыс жүруде.

БЖЗҚ хабарламасында атап көрсетілгендей, "бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат берудің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, 2014 жылы зейнетақы активтері берілетін 5 жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларын (алушыларын) ағымдағы жылы хабарландыру туралы шешім қабылданды. Салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмелер жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру шартын, хабарландыру тәсілін анықтау туралы келісімдерді жасасу кезінде таңдаған тәсілдер арқылы беріледі".

"Сонымен қатар, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры министрліктер мен ведомстволармен бірлесе отырып салымшыларды хабарландыру мен қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр, оның ішінде e-gov порталы және Қызмет көрсету орталықтары арқылы (ХҚО). Осылайша, қазіргі кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, салымшылардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметін электронды формата Мемлекеттік қызметтер тізіліміне қосу бойынша шаралары қабылдануда",- деп хабарлайды қор.

Қор ақпаратында атап көрсетілгендей, "2014 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесінде зейнетақы жарналарының жаңа түрі - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары пайда болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуды тек бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асырады".

Жұмыс беруші міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы болып табылады. Дәлірек айтқанда, қызметкердiң пайдасына жұмыс беруші өзінің меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тізбедегі кәсіптер бойынша жұмыс жасайтын азаматтар алуға құқылы. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленді.

Сондай-ақ, қордың хабарлауынша, 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап "БЖЗҚ" АҚ-нан зейнеткерлік жасқа жеткен салымшылар (алушылар) үшін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының орташа мөлшері 28 620 көбейді және 652 080 теңгені құрады (ең төмен зейнетақының 30 еселенген мөлшері). Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін көбейтуге ең төменгі зейнетақы мөлшерін ұлғайту әсер етті. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын аясында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап бұл көрсеткіш 21 736 теңгеге дейін өсті.

Қор ақпаратына сәйкес, биылғы жылдың басынан 1-маусымға дейін БЗЖҚ тарапынан 31 млрд.-тан астам теңге төленген.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сәуір айында Android және iOS операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін (iPhone, iPad) планшеттер мен смартфондарға арналған ENPF мобилды қосымшаларын әзірледі және қолданысқа енгізді. Енді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары (алушылары) он-лайн режимінде зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмелерді көре алады, ең жақын орналасқан филиалмен немесе call-орталықпен байланысып, біздің Қор туралы ақпарат ала алады",- деп хабарлайды қор.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының хабарлауынша,2014 жылдың 1 маусымда БЖЗҚ-ның құрамына Қазақстанның әр облыс орталығында және Астана, Алматы, Жезқазған, Семей қалаларында бір-бірден орналасқан 18 облыстық филиал кіреді.

Қор филиалдарының жанынан 27 бөлімше және 196 қызмет көрсету орталықтары ашылған. Кеңселер шағын елді мекендерде де жұмыс істейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны