27.05.2014, 22:59 18947

2014 жылы 34 мыңға жуық білім гранты бөлінді

"Биылғы бөлінетін мемлекеттік гранттардың жалпы саны 34 мыңдай болса, соның ішінде 12 мыңға жуығы механикалық мамандықтарға, 5 мыңдайы педагогикалық мамандықтарға және шамамен 2600-дей ауыл шаруашылық мамандықтарына бөлінеді", - дейді ол.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстандық талапкерлерге биыл шамамен 34 мың мемлекеттік грант бөлінді, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

"Биылғы бөлінетін мемлекеттік гранттардың жалпы саны 34 мыңдай болса, соның ішінде 12 мыңға жуығы механикалық мамандықтарға, 5 мыңдайы педагогикалық мамандықтарға және шамамен 2600-дей ауыл шаруашылық мамандықтарына бөлінеді", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ 2-9 маусым аралығында 155 арнайы жарақтандырылған пунктерде өткізіледі. Соның ішінде 107 -сі аудан орталықтарындағы мектеп ғимараттарында болса, қалған 48-і облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларының ЖОО ғимаратында орналастырылады.

"Өздеріңізге де белгілі, бізде гранттар үміткерлерге бөлінеді, яғни талапкер 70 баллдан жоғары алса ұлттық ЖОО-на, ал 50 баллдан асса кез келген ЖОО-на түсуге құқылы", - дейді ол.

Айта кету керек, бірыңғай ұлттық тестілеуге 10 жыл ішінде 1 млн 335 мың мектеп түлегі қатысқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны