06.02.2014, 22:34 5316

2014 жылы 3 қазақстандық ғарыш аппараты іске қосылады - Т.Мұсабаев

"2014 жыл Қазғарыш үшін аса маңызды. Алғаш рет Қазақстан тарихында бір жылда 3 ғарыш аппаратты іске қосылады. Олардың біреуі байланыс аппараты, қалған екеуі қашықтықтан зонд жүргізу құралы болып табылады. Қазақстан тарихында мұндай бұрын- соңды болмаған", - деді Т. Мұсабаев.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанның тарихында алғаш рет 2014 жылы бір жылда 3 ғарыш аппараты іске қосылады. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А. Сағынтаевтың қатысуымен өткен агенттіктің коллегия отырысында мәлім етті.

"2014 жыл Қазғарыш үшін аса маңызды. Алғаш рет Қазақстан тарихында бір жылда 3 ғарыш аппаратты іске қосылады. Олардың біреуі байланыс аппараты, қалған екеуі қашықтықтан зонд жүргізу құралы болып табылады. Қазақстан тарихында мұндай бұрын- соңды болмаған", - деді Т. Мұсабаев.

Сонымен қатар, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің жерүсті инфрақұрылымы мен жоғары сапалы жерсеріктік навигация жүйесі пайдалануға беріледі. Бұл дегеніңіз, Қазғарышқа қарасты ведомстволар тұтынушыларға қызмет көрсету арқылы табыс табады.

"Ағылшындық ғарыш компаниясымен бірлескен жоба аясында ғылыми-техникалық бағыттағы жүйені құру мақсатында тәжірибелі-құрылымдаулық жұмыстар басталады. Сонымен қатар, 23 жоба бойынша қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстары аяқталып, кадр әлеуетін көтеру бойынша жұмыстар өз жалғасын табады және ғарыш саласында халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту көзделуде. Бұл шаралардың барлығы елімізде толыққанды ғарыш саласының қалыптасуына өз септігін тигізеді", - деп Қазғарыш төрағасы ағынан жарылды.

Ғарыштық жүйе жобасын құру бойынша Т. Мұсабаев 2013 жылы оның құрылымы мен ғарыштық аппараттарының ДЖА-тың орта және жоғары рұқсат етілімі, кешенді жоба дайындалды.

"Ғарыштық жүйе бойынша отандық операторлардың тобы құрылды. Ол Франция және Ұлыбританияда бар. Бүгінгі таңда ғарыштық аппараттарды жіберу бойынша жүйелік жұмыстар жүріп жатыр. 2014 жылдың 2 айналымында дайын болады", - деді Қазғарыштың төрағасы.

Талғат Мұсабаевтың айтуынша, орта деңгейдің ғарыш айлағы "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы арқылы жіберіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны