24.06.2014, 20:41 3132

2014 жылы 6 мың шақырым жол жөнделді - Ж.Қасымбек

"2016 жылы аталмыш жол бөліктерін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, Орталық-Шығыс бағыты бойынша қозғалысты ашып, Астана-Павлодар бағытының басты жұмыстары қолға алынуда. Оған Ертіс өзені артықы өтетін көпір де қамтылмақ", - дейді министр.

Алматы. 24 маусым. Kazakhstan today. Қазақтанда автокөлік жолы саласында 2014 жылы 6 мың шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

"Автокөлік жолы саласы бойынша биыл 6 мың шақырым жол жөндеу көрді. Ирине, соның ішінде "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" көлік дәзізін ерекше атап өту керек. Жалпы ұзындығы 2452 шақырым болатын жодың 1727 шақырымы пайдалануға берілді. Биыл Шымкенттен Ресей шекарасына дейінгі және толықтай Жамбыл облысына кіретін аймақтағы жолды пайдалануға беру жоспарланған. Ал келер жылы жобаны толықтай аяқтау жоспарланған", - дейді министр.

Айта кету керек, жобаға жалпы саны 30 мың адам тартылған. Соның көпшілігі жергілікті халық өкілдері екені анық.

"2013 жылдан бастап Алматы мен Астананы жалғайтын жаңа автокөлік дәлізін дамыту жұмыстары жүргізілуде. Ол Орталық-Оңтүстік Алматы-Павлодар, Өскемен Орталық-Шығыс пен Ақтау бағыты", - дейді.

Сонымен қатар, Оңтүстік-Орталық дәлізі бойынша Астана-Теміртау мен Алматы-Қапшағай жол бөліктерін қалпына келтіруді толықтай қамту жоспарланған.

"2016 жылы аталмыш жол бөліктерін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, Орталық-Шығыс бағыты бойынша қозғалысты ашып, Астана-Павлодар бағытының басты жұмыстары қолға алынуда. Оған Ертіс өзені артықы өтетін көпір де қамтылмақ", - дейді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны