01.07.2014, 20:57 3175

2014 жылы Астанада 40 велобекет ашылады - әкімдік

Таяуда Астанада қалалық әкімдік, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Құжат аясында бір-біріне жақын орналасқан велосипед бекеттерін орнату көзделген. Жалпы, үстіміздегі жылы 40 бекет ашылады.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. Велосипед нағыз экологиялық көлік болып саналады. Оған отынсыз жүреді және адамдардың денсаулығы мен шымырлығының кепілі. Қазіргі уақытта елордада аталмыш спорт түрін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда, деп қала әкімдігінен хабарлады.

Еске салайық, таяуда Астанада қалалық әкімдік, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Құжат аясында бір-біріне жақын орналасқан велосипед бекеттерін орнату көзделген. Жалпы, үстіміздегі жылы 40 бекет ашылады.

Сонымен қатар, 2017 жылға дейін "Astana bike" жобасы аясында елордада 160 шақырымға жуық велосипед жолы салынады, соның ішінде Есіл өзенінің жағасында. ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандарын тамашалау үшін де жеке маршруттар жасалады.

Оның бағасы арзандап, велосипедтерге арналған жолдар саны артып келеді. Серуендеуге арналған жақсы орындардың бірі Астананың айналасындағы "жасыл белдеу". Мұнда қала тұрғындары сүйікті спорт түрімен шұғылданып, таза ауада тыныштықта дем алады.

"Astana bike" жобасы бәріне де қолжетімді. Мысалы, алғашқы 30 минут тегін, содан кейінгі уақыт сағатына 100 теңгеден болады. Елорда тұрғыны немесе қонағы жарты сағаттың ішінде келесі бекетке жетеді, осылайша ол қажетті орынға тегін барады. Бұл қаладағы экологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартуға, көлік ағынының қарқындылығын азайтуға, сондай-ақ, қала тұрғындарын спортпен шұғылдануға ынталандыруға мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде Есілдің сол жағалауы 200 велосипедпен қамтылады, алдағы уақытта олардың саны 1000 жеткізілмек, ал бекеттер саны 100 болады. Елорданың оң жағалауы да жобаға қатысады. 2017 жылы елорда велосипедтермен толық қамтылмақ. Экологиялық көлік заманауи құралдармен жабдықталған аса берік шиналар, GPS, ұрлауға қарсы құрал, қажет жағдайда велосипедке блок қоюға болады және т.б. жаңашылдықтар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны