24.04.2014, 20:54 3802

2014 жылы Астанада 9 жаңа мектеп салынады

"Биыл 9 мектеп пайдалануға берілуі тиіс. "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасына келсек, Құрылыс басқармасы "100 мектеп" бағдарламасын орындады. Өткен жылы барлық мектептер тапсырылды. Биыл тамыз айында тағы да 9 мектеп пайдалануға берілмек. Изірге бәрі жоспар бойынша жасалуда", - деді Владимир Лютов.

Алматы. 24 сәуір. Kazakhstan today. Биыл Астанада 9 мектеп қолданысқа беріледі.

"Биыл 9 мектеп пайдалануға берілуі тиіс. "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасына келсек, Құрылыс басқармасы "100 мектеп" бағдарламасын орындады. Өткен жылы барлық мектептер тапсырылды. Биыл тамыз айында тағы да 9 мектеп пайдалануға берілмек. Изірге бәрі жоспар бойынша жасалуда", - деді Владимир Лютов.

Қазіргі уақытта Астанада 83 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, деп астана қаласының әкімдігі хабарлады. Оқушылардың жалпы саны - 94 712. Соның ішінде 71 мектеп - мемлекеттік, 12 - жеке меншікті.

Айта кетейік, 2013 жылы Астанада үш мектептің құрылысы аяқталды: Теміржолшылар тұрғын алабында 1 100 орындық мектеп, "Батығай" т/к 1 200 орындық мектеп, №19 мектепке жапсыра салынған 600 орындық ғимарат.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны