12.03.2014, 20:33 2873

2014 жылы Атырау қаласында теннис корты мен ипподром ашылады

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, биыл облыс орталығында теннис корты мен ипподромның құрылысы басталады. Футбол кешені мен барлық аудан орталықтарында стадион нысандарының құрылысы қарастырылуда.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. Облыс орталығында теннис корты мен ипподром ашылады.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, биыл облыс орталығында теннис корты мен ипподромның құрылысы басталады. Футбол кешені мен барлық аудан орталықтарында стадион нысандарының құрылысы қарастырылуда.

Елімізде тұңғыш рет ашылған "Облыстық мүгедектер клубы" спорт кешенінде 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан ақысыз спортпен шұғылдануда. Атырау облысында спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Былтыр салаға бөлінген қаражат 31 пайызға өсті. Ұлттық спорт клубы, су спорты түрлері бойынша Атырау спорт клубы және Ауыр атлетика Федерациясы ашылды.

2012 жылмен салыстырғанда спорттық ғимараттар саны 24-ке артып, 946-ға жетті.

Айта кетерлігі, Атырау облысындағы спортпен шұғылданушылар саны 127 мыңнан асты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны