05.02.2014, 20:57 3273

2014 жылы Атырауда 140 сыртқы бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда

"2013 жылы Атырауда "Қауіпсіз қала" бағдарламасының бірінші кезеңі бойынша қала аумағында 200 бейнекамера орнатылды. Балықшы және Алмагүл ықшамаудандарында орналасқан шағын жедел басқару орталықтары қолданысқа берілді",- деп Атырау облысының әкімдігі хабарлады.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Атырау қаласында 2014 жылы 140 сыртқы бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда.

"2013 жылы Атырауда "Қауіпсіз қала" бағдарламасының бірінші кезеңі бойынша қала аумағында 200 бейнекамера орнатылды. Балықшы және Алмагүл ықшамаудандарында орналасқан шағын жедел басқару орталықтары қолданысқа берілді",- деп Атырау облысының әкімдігі хабарлады.

Сондай-ақ, 191 бейнебақылау камерасын алуға және қондыруға жергілікті бюджеттен 413 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта орнатылып, "Қазақтелеком" АҚ-мен өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта әкімдік пен "Теңізшевройл" ЖШС арасында жүргізілген келісім негізінде қосымша 15 бейнекамера қондыру жұмыстары жүргізілуде.

2013 жылы қаладағы барлық қызмет желісі бойынша жалпы 5 805 қылмыс тiркелді, бұл 2012 жылғы деңгейден 18,1%-ға жоғары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны