26.12.2013, 19:28 3018

2014 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша 1100 стипендия бөлінеді

Отырыста Комиссия 2014 жылы басшылыққа алатын Басымдығы бар мамандықтар тізбесі бекітілді, сондай-ақ келесі жылы бөлінетін стипендиялардың жалпы саны 1100 болып белгіленді. 2014 жылғы басым мамандықтар тізбесі академиялық білім беруге арналған 99 мамандықты қамтиды. Оның ішінде 35 медициналық, 35 техникалық, 29 гуманитарлық мамандықтар.

Алматы. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы болып өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

" Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Комиссияның 2013 жылғы жұмысының жалпы қорытындыларына тоқталып, оның "Қазақстан 2050" стратегиясында белгіленген міндеттерді табысты іске асыруға қажетті мамандарды іріктеу мен даярлауға бағытталғанын атап өтті", - делінген хабарламада.

Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын алдын-ала конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге беру жөніндегі мәселені қарады.

Отырыста Комиссия 2014 жылы басшылыққа алатын Басымдығы бар мамандықтар тізбесі бекітілді, сондай-ақ келесі жылы бөлінетін стипендиялардың жалпы саны 1100 болып белгіленді. 2014 жылғы басым мамандықтар тізбесі академиялық білім беруге арналған 99 мамандықты қамтиды. Оның ішінде 35 медициналық, 35 техникалық, 29 гуманитарлық мамандықтар. Бұған қоса Тізбеге ғылыми-педагогикалық, инженерлік-техникалық және медицина мамандарының тағылымдамадан өтуіне арналған 178 мамандық енеді.

Сонымен бірге, стипендиядан айыру және Комиссияға келіп түскен өтініштерді қарауға қатысты мәселелер талқыланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны