16.01.2013, 15:05 3008

2014 жылы "EXPO-2017" көрмесіне қатысушы елдермен алғашқы техникалық кездесу өтеді

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес мәлімдеді.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - 2014 жылы "EXPO-2017" көрмесіне қатысушы елдермен алғашқы техникалық кездесу өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес мәлімдеді.

"Біз 2014 жылы өзге мемлекеттер ЭКСПО көрмесіне қатысуға шақырту алады деп үміттенеміз. 2014 жылдың соңына қарай көрмеге қатысуға ниет білдірген елдермен бірінші техникалық кездесу өткіземіз. Олармен ЭКСПО-ның қалай өтетінін талқылаймыз. 2013 жылы негізінен Ұлттық компания, ұлттық ұйымдастырушы комитеттер ХКБ-мен бірлесе жұмыс істейтін болады. Ал 2014 жылдан бастап бұл жұмысқа көрмеге қатысатын елдер де қатысады", -деді В.Лоссерталес.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны