02.06.2014, 20:22 2838

2014 жылы ІІМ-де 100 аудандық полиция басшысы машықтанудан өтеді

Қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының бөлімдері басшыларының кәсіби деңгейін арттыру үшін ІІМ орталық аппараты базасында алғаш рет тағылымдама ұйымдастырылды.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. Қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының бөлімдері басшыларының кәсіби деңгейін арттыру үшін ІІМ орталық аппараты базасында алғаш рет тағылымдама ұйымдастырылды.

Жуырда ІІМ-де 25 қалалық және аудандық полиция бөліністерінің бастықтары тағылымдаманы аяқтап, оларға тиісті сертификаттар табыс етілді, еп ішкі істер министрлігінен хабарлады.

Тағылымдама аясында министрлік қызметінің басшылары кәсіби қызметтің негізгі мәселелерін қозғайтын тәжірибелік және теориялық сабақтарды өткізді (қоғамдық тәртіпті күзету және қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмысты ұйымдастыру және өзге де сабақтар бойынша өтеді.

Жалпы алғанда, ағымдағы жылы ІІМ-де 100 аудандық полиция басшыларын оқыту жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны