14.05.2014, 21:39 2364

2014 жылы Қазақстанда 14 күрежол медициналық-құтқару пункті ашылады - ТЖМ

Өткен жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының аса авариялық учаскелерінде 14 күрежол медициналық-құтқару пункті салынды.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. Өткен жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының аса авариялық учаскелерінде 14 күрежол медициналық-құтқару пункті салынды.

Қазіргі таңда республика бойынша 26 күрежол медициналық-құтқару пункті бар, аталмыш пункттердің бригадалары 2013 жылы және 2014 жылғы бірінші тоқсанда 903 рет шықты, 2 680 зардап шеккен адамға көмек көрсетті, 776 адам ауруханаға жатқызылды. Ағымдағы жылы тағы 14 күрежол пункті салынады, деп ведомствода хабарлады.

"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында ТЖМ санитарлық авиациясын дамыту мақсатында 14 ЕС-145 тікұшағы мен Ка-32 тікұшағы сатып алынды, ол республикадағы барлық облыс орталықтарын санитарлық авиация тікұшақтарымен қамтамасыз ету мүмкіндігін берді. Тікұшақтар еліміздің әрбір облыс орталығында тәулік бойы кезекшілікте тұрады.

Осы жылдың І тоқсанында 141 рет ұшты, 127 сырқатты тасымалдады, 26 адам дәрігер кеңесіне жүгінді, 12 шұғыл ота жасалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны