16.04.2014, 19:56 10398

2014 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында 900 орынды мектеп ашылады

2014 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылында салынып жатқан 900 орындық мектептің құрылыс жоспары аяқталмақ.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылында салынып жатқан 900 орындық мектептің құрылыс жоспары аяқталмақ.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, жаңа оқу жылында Шаған ауданы оқушылары жаңа мектеп ғимаратына көшпек.

"ССК Сұңқар" ЖШС мердігер ұйымы өкілінің хабарлауынша, ғммараттың құрылыс жұмысы жаңа оқу жылына дейін аяқталмақ. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 17 дана техника мен құрамында ауыл тұрғынары да бар 250 жұмысшы жұмылдырылған.

Айта кету керек, бүгінде ауылда 5 мыңдай халық тұрады. Жыл санап аталмыш көрсеткіштің өсіп келе жатқаны да байқалады.

Сонымен қатар, биыл тағы 600 орындық жаңа мектеп пен Шіркейлі ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады.

Хабарламада айтылғандай, ауданның бірнеше елді-мекендерінде сумен қамту жүйесін кеңейту және қалпына кетіру жұмыстары жүргізілмек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны