02.06.2014, 20:46 2855

2014 жылы мыңнан аса инфрақұрылым жобалары жүзеге асырылады - ЕХИҚМ

Ведомство басшысының айтуынша 2014 жылға 17 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 1037 әлеуметтік инфрақұрылым жобасы жоспарланған.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. Бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР ЕХИҚМ министрі Тамара Дүйсенова "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасының басты бағыттары бойынша нәтижелерді айтып берді.

Бірінші бағыт инфрақұрылымды және ТКШ дамыту арқылы жұмыспен қамту. Сонымен, ведомство басшысының айтуынша 2014 жылға 17 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 1037 әлеуметтік инфрақұрылым жобасы жоспарланған.

"Ағымдағы жылға 40 мың адам жоспарланып, тіркелген. Олар Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қамтылды. Биыл біз 1037 инфрақұрылым, әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруымыз керек. Бүгінде 360 жоба бойынша жұмыс басаталып кетті. Олардың аясында 4 мың жұмыс орны ашылады", - деді министр.

Оның үстіне аталмыш жұмыс орнының 50% жұмысшылар орналастырылып қойған. Жұмыспен қамтылғандар арнайы орталықтың жолдамасымен келгендер.

Бұдан басқа, Т. Дүйсенова микронесиелердің Бағдарламадағы роліне тоқталды. Оның мәліметіне сенсек, микронесиемен 10 мыңға жуық адамды қамту көзделген.

"Екінші үлкен бағыттардың бірі микронесиелеу болып табылады. Бүгінгі таңда 10 мыңға жуық адам қамтылып, 1200 жаңа жұмыс орны ашылды", - деді Т. Дүйсенова.

Үшінші бағыт, жұмыс берушінің жұранысы бойынша оқыту немесе көшіру арқылы жұмыспен қамту.

"Бағдарламаны жүзеге асыру басталғалы 14 мыңнан астам халық елдімекеннен көшірілді. Олардың 70 % тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылған", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны