07.02.2014, 18:47 5016

2014 жылы "Самұрық-Қазына" университеті дуалды білім беру бойынша 20 кәсіби стандартты дайындайды

Оның айтуынша, бүгінде корпоративті университет тарапынан сұранысқа ие 26 мамандық бойынша әдістемелер дайындалды. Оған 9 ұлттық компания мен 33 колледж белсенді атсалысуда.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Президенті Жолдауы аясында "Самұрық-Қазына" қоры "Самұрық-Қазына" корпоративті университетіне 2014 жылы дуалды білім беру жүйесін енгізу бойынша 20 кәсіби стандартты дайындауды тапсырды, дейді университет директоры Шолпан Ержігітова Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.

"Биыл Президент Жолдауында елімізде дуалды білім беру жүйесін дамыту керектігі айтылды. Осыған орай "Самұрық-Қазына" қоры біздің дуалды оқыту жүйеміздің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуы жолында жұмыстар атқаруда. 2012 жылдан бастап дуалды оқыту жүйесімен бәрінен бұрын "Самұрық-Қазына" корпоративті университетінің айналысуы туралы тікелей тапсырма берілді", - дейді Ш.Ержігітова.

Оның айтуынша, бүгінде корпоративті университет тарапынан сұранысқа ие 26 мамандық бойынша әдістемелер дайындалды. Оған 9 ұлттық компания мен 33 колледж белсенді атсалысуда.

"Қаңтар айы соңында Павлодар мұнай-химия зауытында аталмыш дуалды жүйенің қаншалықты сәтті жүзеге асырылып жатқаны жайлы айтылды. Біздің басты міндетіміз - барлық компанияда бағдарламалар санын арттыру. Бүгінде теорияның 40%-ы оқу орындарының өздерінде өткізілсе, 60%-ы жұмыс орындарында өткізіледі. Бұл оқу барысын тәжірибемен ұштастырып, белгілі бір қабілеттерді игеруге жол ашады. Биыл қор заңгер, экономист, бухгалтер сынды әкімшілік-басқару кәсіптеріне кәсіби 20 стандарт жасауды тапсырды", - дейді университет директоры.

Естеріңізге сала кетейік, Президент өз Жолдауында кадрлық саясатты жұмыстың басым бағыты ретінде атап, соның ішінде ұлттық компаниялар үшін маңызды екенін ескерткен. Ш.Ержігітовтың айтуынша, ол меритократия ұстанымы бойынша құрылуы керек.

"Маман жеткілікті деңгейде біліктілікке ие және қажетті тәжірибені игере отырып лауазымдық баспалдақпен жоғары өрлеуі керек біздің Елбасымыз секілді. Жоғары кәсіби маман болу, инженерлік-техникалық жұмыскер болу арқылы топ-менеджер деңгейіне дейін жету керек", - деді Ш.Ержігітова.

Естеріңізде болса, корпоративті университет 2004 жылы "КМГ" компаниялар тобының Бірыңғай жұмыскерлерді дамыту орталығы ретінде құрылып, 2009 жылдың 12 қарашасында "Самұрық-Қазына" жанынан қайта құрылған. "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің саны шамамен 350 мың адам. Басты стратегиялық мақсат - біліммен бірыңғай басқару жүйесін құру, "Самұрық-Қазына" Қоры компаниялар тобында көшбасшылық пен дарындарды жетілдіру.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны