22.01.2014, 19:21 3470

2014 жылы ТЖМ қауіп төндіру деңгейі төмен нысандарды тексермейді - В. Божко

"Погон таққан адамдар үлкен өкілеттіктерге ие, мінсіз мінез-құлық пен жоғары кәсіптіліктерімен ерекшеленеді", - деп Президент атап өтті. ТЖМ-ның барлық қызметкері құтқарушы деген жоғары атаққа лайықты болуына барлық күшімізді саламыз", - деді ол.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Мемлекет басшысының Жолдауы - бұл біздің мемлекетіміздің өркендеу мен сенімді болашақ жолындағы ұзақ мерзімді дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат. Оны жүзеге асыру мақсатында ТЖМ қауіп төндіру деңгейі төмен нысандарды тексермейді, деді ТЖМ министрі Владимир Божко.

"Президент өз Жолдауында: "Қазақстан әлемдік елдер халқының өмір сүруіне ең қауіпсіз және ыңғайлы елдердің бірі болуы тиіс". "Адамдар - біздің елдің аса құнды байлығы",-деп бірнеше рет атап өтті. "Біздің қуатымыз - қорғалған адамдарда" - бұл арқылы біздің Министрлік қызметінің 2050-стратегиясын орындау бойынша негізгі бағытын анықтауға болады", - деді ол.

Одан әрі индустрияландыру, өндіру секторының тиімділігін арттыру, экономиканың жаңа салаларының пайда болуы, төртінші мұнай өндіру зауыты мен алғашқы атом электр станциясының құрылысы ТЖМ алдына жаңа салынған объектілерде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету міндетін қояды.

Көлік инфрақұрылымы мен агломерациялардың қарқынды дамуы бізді республика жолдарындағы ТЖ-ға қалай дереу ден қоюды, болашақ агломерацияларды, заманауи әмбебап сәулет құрылыстарын қалай өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету керектігі туралы ойлануға міндеттейді, ол Астана қаласында өтетін "ЭКСПО - 2017" мен Алматы қаласында өтетін Универсиада-2017 іс-шараларының қарсаңында аса өзекті екендігін атап өтті ол.

"Погон таққан адамдар үлкен өкілеттіктерге ие, мінсіз мінез-құлық пен жоғары кәсіптіліктерімен ерекшеленеді", - деп Президент атап өтті. ТЖМ-ның барлық қызметкері құтқарушы деген жоғары атаққа лайықты болуына барлық күшімізді саламыз", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны