27.05.2014, 22:55 3950

2014 жылы ҰБТ-ның форматы өзгермейді - А. Сәрінжіпов

"ҰБТ форматы ағымдағы жылы өзгермейді, ҰБТ-ға қатысу оқушылардың өз еркілерімен жүзеге асады. Осы жылы мектепті 133 226 түлек бітіреді, оның 92 мыңы тіркелді, оның ішінде 70 пайызы, яғни 63 мыңы қазақ тілінде, орыс тілінде 28 мыңы тапсырады", - деді ол.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. 2014 жылы ҰБТ-ның форматы өзгермейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінде Білім және ғылым мнинистрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

"ҰБТ форматы ағымдағы жылы өзгермейді, ҰБТ-ға қатысу оқушылардың өз еркілерімен жүзеге асады. Осы жылы мектепті 133 226 түлек бітіреді, оның 92 мыңы тіркелді, оның ішінде 70 пайызы, яғни 63 мыңы қазақ тілінде, орыс тілінде 28 мыңы тапсырады", - деді ол.

Сондай-ақ, ол ҰБТ ағымдағы жылы 155 арнайы мамандандырылған мекемеде өтеді, ал тестілеу 177 сұрақтан тұрады.

"ҰБТ 2-9 маусым аралығында өтеді. 155 арнайы мекеменің 48-і ЖОО болса, қалғандары аудан орталықтарында өтеді. Бізде 14 пәннен 177 тестілеу парақшасы бар, оның ішінен 50 мың тестілеу жұмысы осы жылы шешілуге жіберіледі, оның тең жартысы жаңа бағдарлама, демек, 7,5 мың қазақ тілді оқушыларға жаңа тапсырма жіберіледі, ал 6 мың 700 орыс тілді оқушы бақтарын тың сұрақтармен сынайтын болады", - деді ол.

Сондай-ақ, ол 2009-2013 жылдар аралығында жиі таңдалған пәндерді атап өтті.

"2009-2013 жылдары ҰБТ-да жиі таңдалған пәндер: физика, биология, география болды. Бұл пәндер бойынша тапсырмалар 30 пайызға жаңарды", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны