10.06.2014, 21:11 3000

2014 жылы жастар саясатын іске асыру үшін 1,5 млрд теңге қарастырылған - О.Кәрібжанова

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 2014 жылы бюджеттен 1,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 2014 жылы бюджеттен 1,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

"2014 жылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге қарастырылған, соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 500 млн теңгеден астам қаражат бөлінбек", - дейді төрайым.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жекелеген мәселелер де жоқ емес.

"Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы мемлекеттік жастар саясатын салааралық қаржыландыру қағидасының даму деңгейінің әлсіз екені анық. Сонымен қатар, өңірлердегі мемлекеттік жастар саясатын қаржыландырудың тепе-теңсіздігі де бар. Яғни, қаржыландырудағы айырмашылықтар 150-200 млн теңгеге дейін жетеді", - дейді.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебенің айқындалмауына негіз болып отырған жастар ресурстық орталығымен бірлесіп құрылған қаржыландыру қызметтер механизмі жоқ.

"Ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдер қатарында арнайы мақсатты индикатордың орталық мемлекеттік органының стратегиялық жоспарын құру мен заңнамалық шаралар да қамтылған", - дейді Р.Кәрібжанова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны