10.02.2014, 19:22 5400

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандықтардың еңбекақысын төлеудің жаңа моделі енгізіледі - Т.Дүйсенова

Ол үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезең 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа модельді енгізу. Оның негізі азаматтардың еңбекақысын оның біліміне, біліктілігіне, жұмысының қиындығы мен жауапкершілік деңгейіне қарай белгілеу", - дейді министр.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan today. ҚР-да 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың еңбекақысын төлеудің жаңа моделі енгізеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының еңбек қатынасы саласындағы басты тапсырмаларының бірі азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа моделіне өту болып табылады. Ол үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезең 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа модельді енгізу. Оның негізі азаматтардың еңбекақысын оның біліміне, біліктілігіне, жұмысының қиындығы мен жауапкершілік деңгейіне қарай белгілеу", - дейді министр.

Оның айтуынша, жоғарыда айтылған талаптар бойынша жұмысшылар төрт лауазымға жіктелмек. Олар - басқарушы, негізгі, әкімшілік-шаруашылық және техникалық персонал.

Жаңа моделге өтуге сай, еңбекақы көлемінің өсімі сараланған түрде бекітіледі. Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілгендей, денсаулық сақтау қызметкерлерінің айлық жалақысы -28%, білім беру- 29%, әлеуметтік көмек саласы қызметкерлерінің еңбекақысы -40% көбеймек.

"Мұндай модельге өту еңбекақының маңыздылығын арттырып, оның көлемін нақты нәтижелермен айқындауға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ ол адамның кәсіби жағынан өсіп, еңбек жолының ашылуына өз септігін тигізеді", - дейді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны