26.03.2015, 17:43 3991

2015 жылдыӊ көктемінде мерзімді әскери қызметке 29 мыӊнан астам қазақстандық азамат шақырылады

2015 жылғы 1 сәуірден бастап "Искери қызмет және әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" ҚР Заӊы мен 2015 жылғы 20 ақпандағы №1011 "Искери қызметтіӊ белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасыныӊ азаматтарын 2015 жылдыӊ сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлығына сәйкес азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шаралар басталды

Астана. 26 наурыз. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 1 сәуірден бастап "Искери қызмет және әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" ҚР Заӊы мен 2015 жылғы 20 ақпандағы №1011 "Искери қызметтіӊ белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасыныӊ азаматтарын 2015 жылдыӊ сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлығына сәйкес азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шаралар басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылдыӊ көктемінде әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтіӊ белгіленген мерзімдерін өткермеген 29 мыӊнан астам ер азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 4 мыӊға жуық азаматтарды әскерге шақыру жоспарлануда, ал қалған азаматтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметініӊ әскери бөлімдеріне жіберілетін болады.

Заманауи талаптағы әскерге шақырылудыӊ ерекшелігі - оныӊ ашықтығы. Бұл еӊ алдымен қоғам өкілдерініӊ шақыру комиссиясыныӊ жұмысына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 1 қаӊтардан бастап Икімшілік құқық бұзушылық кодексі мен Қазақстан Республикасыныӊ қылмыстық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Жаӊа Қылмыстық кодексте әскери борышын өтеуден жалтарғаны үшін жазалау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, заӊ бұзушыларға ақшалай айппұл салумен қатар, әскерге шақырудан жүйелі түрде бас тартқан азаматтарды қамауға алу жазасы қарастырылған.

Биыл Қорғаныс министрлігініӊ басшылығы қойған тапсырмаларға сәйкес жергілікті әскери басқару органдары келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен мерзімді әскери қызмет жауынгерлерініӊ арақатынасы 80 % де 20% құрайтындығын атады. Өткен жылы бұл арақатынас 70% де 30% құраған болатын.

Жергілікті атқарушы органдардыӊ шешімі бойынша әскерге шақыру науқаны кезінде азаматтарды дәрігерлік куәландыруды қамтамасыз ететін шақыру және медициналық комиссия құралады.

Естеріӊізге сала кетсек, мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасыныӊ "Искери қызмет және әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" Заӊына сәйкес жылына екі мәрте ұйымдастырылып, өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны