05.10.2011, 10:12 3806

2015 жылға қарай электр энергиясын өндіру деңгейі сағатына 100 миллиард киловаттан асып жығылатын болады

Қазақстанда 2010 жылдың қорытындылары бойынша электр энергиясын өндіру көлемі сағатына 82 миллиард киловатты құраған.

Астана. 5-қазан. Kazakhstan Today - 2015 жылға қарай электр энергиясын өндіру деңгейі сағатына 100 миллиард киловаттан асып жығылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан VI KAZENERGI Еуразиялық форумында Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, Қазақстанда 2010 жылдың қорытындылары бойынша электр энергиясын өндіру көлемі сағатына 82 миллиард киловатты құраған.

Оның деректеріне қарағанда, электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайту шарасы елде 2015 жылға дейін салынатын 469 жаңа зауыттың жұмысын қажетті энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Ол үшін электр энергиясын дамытуға бағытталған бағдарламада құны 5 миллиард АҚШ доларын құрайтын жоба қарастырылған. Бұл жобалар электр энергиясы өндірісін дамыту саласында алға қойған межені бағындыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге елімізде қазір энергетиканы дамыту саласына инвестиция тарту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып отыр",-деді И. Исекешов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны