13.03.2012, 12:34 3278

2015 жылға қарай Қазақстанның энергетика саласына тартылатын инвестиция 1 трлн. теңгеден асып жығылады

"Бүгінгі таңда Қазақстанның электр энергетика саласы республика экономикасын жылу және электр қуатымен жетерліктей сенімді түрде қамтып отыр", - деді И.Исекешев ҚР Үкіметінің отырысында.

Астана. 13-наурыз. Kazakhstan Today - 2015 жылға қарай Қазақстанның энергетика саласына тартылатын инвестиция 1 трлн. теңгеден асып жығылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі таңда Қазақстанның электр энергетика саласы республика экономикасын жылу және электр қуатымен жетерліктей сенімді түрде қамтып отыр", - деді И.Исекешев ҚР Үкіметінің отырысында.

Оның ақпараты бойынша, республикамыздың 2030 жылға дейін пайдаланады деп болжанған электр тұтыну және электр қуатының деңгейі ЖІӨ-дегі энергия сыйымдылығын төмендету жөніндегі мақсатты көрсеткіштерді есепке ала отырып 2015 жылға қарай 10 пайыздан аспайтын, 2015 жылға қарай 25 пайыздан аспайтын мөлшерде есептелді.

Айта кетейік, 2030 жылға қарай Қазақстанның электр тұтынуының жалпы көлеміндегі қалпына келтірілетін энергия көздері 11 пайызға дейінгі мөлшерді құрайды.

Бүгінгі таңда көмір өнеркәсібі Қазақстанда шығарылатын электр энергиясының 74 пайызын қамтиды. 2030 жылға қарай көмір электр стансаларындағы электр энергия өндірісі 75 пайызды құрайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны