16.02.2015, 17:57 4113

2015 жылғы 16 ақпанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Білім және ғылым саласындағы жобаларды іске асыру туралы" тақырыбында ҚР Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіповтыӊ қатысуымен брифинг өтті.

2014 жылы жастарды ТжКБ жүйесімен қамту көлемі ұлғайды. Дуальды білім беру жүйесініӊ жол картасы бекітіліп, енгізілді. Дуальды білім беру жүйесі аясында 3 225 кәсіпорынныӊ базасында 280 колледж жұмыс істеуде. Білім берумен 21 мыӊ студент қамтылған.

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - А. Сәрінжіпов биылғы жылы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие бойынша инфрақұрылымды дамыту шаралары жалғасатынын атап өтті. Бүгінде құрылысы жүріп жатқан 181 ғимараттыӊ 75 тапсырылады (РБ - 31, ҰҚ - 10 және ЖБ - 34). Сонымен қатар, 431 ғимарат пайдалануға беріледі. Мектепке дейінгі мекемелерде 242 консультациялық бөлімдердіӊ ашылуы жаспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Негізгі міндет мектеп инфрақұрылымын дамыту болып табылады. 123 жаӊа мектептіӊ ашылуы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердіӊ санын азайтты. Жаӊа модификация бойынша жасақталған кабинеттері бар мектептер үлесі артты.

2014 жылы жастарды ТжКБ жүйесімен қамту көлемі ұлғайды. Дуальды білім беру жүйесініӊ жол картасы бекітіліп, енгізілді. Дуальды білім беру жүйесі аясында 3 225 кәсіпорынныӊ базасында 280 колледж жұмыс істеуде. Білім берумен 21 мыӊ студент қамтылған.

2014 жылы Қазақстан Республикасыныӊ 10 ЖОО QS әлемніӊ үздік университеттері рейтингінде атап өтілді. (Топ-400 - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилиев атындағы ЕҰУ; Топ 601-650 - Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ; Топ 651-700 - М. Иуезов атындағы ОҚМУ, ҚБТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Топ 701+ - Букетов атындағы ҚарМУ, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Абылай хан атындағы КазХҚжИТУ)

2015 жылы бағдарламалық-мақсаттық және гранттық қаржыландыру аясында ғылыми-техникалық бағдарламалардыӊ жаӊа циклі басталады. 42,5 млрд. теӊге бөлінді.

Анықтама: Бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру аясында 22,8 млрд. теӊге қарастырылған; гранттық қаржыландыруға - 19,7 млрд. теӊге.

Жастар саясаты бойынша патриоттық тәрбие берумен қамту көлемі жоспарланған көрсеткіштен 12%-ға асып түсті.

2014 жылы жалпы құны 445 млн.теӊге болатын 47 әлеуметтік жоба іске асырылды. 75 жастар ресурстық орталығы құрылды.

"Жастар саясаты туралы" ҚР Заӊын іске асыру аясында 2015 жылы 15 жастар ресурстық орталығында мамандардыӊ біліктілігін арттыру бойынша оқыту бағдарламасыныӊ апробациялау жоспарланған, "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ аясында жастардыӊ құрылыс жұмыстарында еӊбекпен қамтылуы, спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатты бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету.

Брифинг қорытындысы бойынша 2015 жылы Қазақстанныӊ білім беру жүйесі қызметініӊ негізгі міндеттері баяндалды.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны