15.05.2015, 13:21 12758

2015 жылғы 2-15 маусым аралығында ҚазақстанРеспубликасында Ұлттық бірыӊғай тестілеу (ҰБТ) өткізіледі. ҰБТ-ны өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Лектер саныныӊ ұлғаюы және олардағы тестіленішулер саныныӊ 600-ге дейін кемуі есебінен ҰБТ өткізу мерзімі 2 аптаға ұзартылды (2015 жылға дейін ҰБТ мерзімі бір аптаны құраған, лектегі білім алушылар саны 800-ге дейін болған).

Алматы. 15 Мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Президентініӊ жанындағы Орталық коммуникация қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетініӊ төрағасы С. Нюсуповтыӊ және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығыныӊ директоры Қ. Ибдиевтіӊ қатысуымен 2015 жылғы ҰБТ-ны өткізуге дайындық туралы брифинг өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылдан бастап кәмелеттік аттестатқа ҰБТ мен пән бойынша жылдық бағаныӊ қорытындысы бойынша орташа арифметикалық сомасындағы құрамдық баға қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны дөӊгелектеу көтеру жағына жасалады. ҰБТ-ныӊ форматы өзгермейді.

Мұндай аттестаттау мектептіӊ жұмысын әділ бағалауға, мектеп бітірушілерге түсетін психоэмоционалдық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

2004 жылдан бастап, 11 жылдыӊ ішінде ҰБТ-ға 1 миллион 422 мыӊ мектеп бітірушілері қатысты, бұл бітірушілердіӊ жалпы саныныӊ 80 % құрады. Ағымдағы жылы ҰБТ өткізу пункттерініӊ саны (ҰБТ ӨП) 10-ға көбейді, олар облыстардыӊ шалғай аудандарында: Ақтөбе (Алға, Мәртөк, Қарғалы аудандары); Алматы облысы (Іле ауд.); Атырау (Исатай ауданы); Қарағанды (Ақтоғай ауданы); Қызылорда (Жалағаш ауд.); Шығыс Қазақстан (Абай ауд., Курчатов қ.) және Семей қаласыныӊ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заӊ университетініӊ базасында ашылды. ҰБТ ӨП саны республикада 165-ке жетті, оныӊ 116-сы аудан орталықтарында, 49-ы облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында орналасқан.

Лектер саныныӊ ұлғаюы және олардағы тестіленішулер саныныӊ 600-ге дейін кемуі есебінен ҰБТ өткізу мерзімі 2 аптаға ұзартылды (2015 жылға дейін ҰБТ мерзімі бір аптаны құраған, лектегі білім алушылар саны 800-ге дейін болған).

Жыл сайын тест тапсырмаларыныӊ базасы 20-30%-ға жаӊартылып отырады. 2014-2015 жылдары база 21 200 тапсырмаға толықтырылды, оныӊ 3000-ы логикалық тапсырмалар. Егер 2012 жылы математикалық тестте 1 логикалық тапсырмадан болса, 2015 жылы - 2. Республиканыӊ 75 мектептерінен 3500 бітіруші жаӊа тесттерді апробациядан өткізуге қатысты. 2016 жылдан бастап ҰБТ-ға функционалдық сауаттылықты анықтауға арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы тапсырмалар енгізіледі.

ҚР БҒМ, жергілікті атқарушы органдар және ҰБТӨП жанындағы мемлекеттік комиссиялар ҰБТ-ны сәтті өткізу үшін қажетті жағдай жасауда.

ҰБТ өткізу пункттерінде ҰБТ өткізуді басқару және бақылау үшін 2000 Министрілік өкілдері анықталды (әрбір аудиторияға 1 өкіл есебінен). Техникалық құралдардыӊ үздіксіз жұмыс жасауын қадағалау үшін тестілеу пункттеріне алғаш рет арнайы қызметкерлер жіберіледі.

Облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында ҰБТ өткізу кезінде мектеп бітірушілер мен олардыӊ ата-аналарыныӊ өтініштері мен шағымдарына жедел ден қою үшін ҰБТ-ны өткізу және үйлестіру жөніндегі штабтар құрылады. Министрлік жанынан Республикалық штаб жұмыс атқарады. ҰБТ жүйесін жетілдіру жалғасуда. 2015 жылдан бастап ҰБТ қорытындысы құпия ақпарат болады, оны жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша ғана білуге болады. Алған балл тізімінде бітірушініӊ тегі ЖСН-мен алмастырылады. Сондай-ақ, ҰБТ қорытындысыҰлттық тестілеу орталығыныӊ www.testcenter.kz сайтында жарияланатын болады. Сервиске қол жеткізу үшін ЖСН мен емтихан басталар алдында берілетін жеке кодты енгізу талап етіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны